БҚО-дағы жол сапасы республикалық рейтингіде соңғы орында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті жол желісінің сапасы республикалық рейтингіде соңғы орында, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың 71,3% жөндеуді талап етеді. Бұл – 2018 жылғы жағдай бойынша өңірлер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті маңызға ие автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5 104 шақырым. Оның тек 28,7% эксплуатациялық талаптарға сай», делінген хабарламада.

Ал еліміздегі ең жақсы жолдар Маңғыстау облысына тиесілі. Мұнда облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 92% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы жергілікті жол желісінің ұзындығы 1 406 шақырым. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығынан 4 есе кем. Айта кетейік, «Нұрлы жол 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҚР ИИДМ бір жылда өңірлердегі жолдардың шамамен 5 мың шақырымын жөндейді.

​ Еске сала кетсек, елімізде жергілікті жол желісінің жалпы ұзындығы 71,2 мың шақырым. Бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 71 % жақсы жағдайда. Алдағы 5 жыл ішінде аталмыш көрсеткіш 95% дейін жеткізілмек.

Соңғы жаңалықтар