БҚО-да жол апатынан әйел көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 09.21-де «Орал-Ақсай» жолының 70-шақырымында болды.

Теректі ауданы Долинный ауылы тұсында «Хонда» мен «Лада Приора» автокөліктері соқтығысты.


Құтқарушылар «Хонда» автокөлігінің салонынан қыстырылып қалған 1964 жылғы ер адамды алып шықты.

Жол апаты салдарынан 1985 жылы туған адам көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, 1964 жылғы ер адам алдымен Теректі аудандық ауруханасына жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша оған жабық омыртқа сынығы деген диагноз қойылған. Қазір ол облыстық көпбейінді ауруханада жатыр.



Соңғы жаңалықтар