+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

БҚО-да жол апатынан автокөлік өртеніп, жалын 1 гектар жерді шарпыды

2021 жылғы 20 қыркүйек 06:11
Бөлісіңіз:
БҚО-да жол апатынан автокөлік өртеніп, жалын 1 гектар жерді шарпыды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан автокөлік өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде соқтығысқан екі көліктің бірі жаяу жүргіншіні қағып кетті Қостанайда тасжолдағы апат: көліктегі баланы арнайы құралмен шығаруға тура келді Атырау облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 қыркүйек күні сағат 20.53-те Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінде Березов-Ақсай жолында болды.

«Тойота Камри» жолдан ұшып кетіп, автокөлікке қоса 1 гектар құрғақ шөп жалынға оранған.

Жол апаты салдарынан Бөрлі аудандық орталық ауруханасына үш адам жеткізілді.

Қазіргі мәлімет бойынша 1989 жылғы ер адам, 1985 және 1994 жылғы әйелдер жабық бас-ми және дене жарақатын алып, миы шайқалған.

«Тілсіз жау» №28 өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен (4 қызметкер, 1 техника) сағат 21.50-де ауыздықталды.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлерінің жол апатына ұшыраған үш әйелге қолұшын бергенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT