Jańalyqtar
БҚО-да жоғалған зейнеткер өзге ауылдағы қызының үйінен табылды
2020 жылғы 3 желтоқсан 12:22
Бөлісіңіз:

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жоғалған зейнеткер екі сағаттан кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бөрлі ауданында болды.
69 жастағы ер адам Ақсай қаласына қарасты Қызылтал ауылындағы үйінен 30 қараша күні сағат 16.00 шамасында шығып кеткен. Содан 1 желтоқсан күні сағат 10.30-ға дейін оралмаған.
Жасына байланысты есте сақтау қабілеті нашар зейнеткерді полицейлер хабар түскен уақыттан екі сағаттан кейін тапты. Оның Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылындағы қызының үйіне барғаны анықталды. Қазіргі таңда ол Жымпитыда.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Пәкістанның батысында сегіз адам жол апатынан мерт болды
- Қарағандыда асхана өртеніп, 40-тан астам маман тілсіз жаумен күресті
- Коронавирус: Шығыс Қазақстан «сары» аймаққа кірді
- Италияда түнде Этна жанартауы оянды
-
Батыс Қазақстанның бес ауданында карантин күшейтілді
-
Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER