БҚО-да жаңадан қабылданған тәртіп сақшылары ант берді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жаңадан қабылданған 17 полиция қызметкері салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Іс-шараға қатысқан БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Рамазановтың атап өткеніндей, Отанға адалдыққа, өз қызметін мінсіз атқаруға ант беру үлкен жауапкершілікті жүктейді.
«Қазіргі кезде жас буынға зор сенім артылып отыр. Ішкі істер органдарында реформалар жүзеге асырылуда. Полиция қызметкерінің мәртебесі көтеріліп, әлеуметтік жағдайына көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдауға сай қайтарым да болуы қажет», деді Н.Рамазанов.
Жас тәртіп сақшыларын БҚО ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Жайлыбай Адаев та құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Ант қабылдағаннан кейін полиция қызметкерлері БҚО полиция департаментінің музейінде болып, ішкі істер органдарының тарихымен танысты.
Айта кетейік, қазіргі таңда індеттің таралуына жол бермеу, шектеу шараларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режімде жұмыс істеуде.
Күн сайын 768 полиция қызметкері, соның ішінде 419-ы Оралда, 269-ы аудандарда қоғамдық тәртіпті сақтауға шығады. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды патрульдік полиция батальонының 80 қызметкері қадағалайды. Демалыс күндері полиция департаменті аппаратының қызметкерлері есебінен 13 бағытта қосымша күштер тартылады.
- Теңіз кенішінде 5 автобустың өртенуі: Оқиға себебі анықталды
- Ақтөбе қаласы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды
- Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды
- Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті
-
Оралда тұрғын үй өртеніп, 2 газ баллоны жарылды
-
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам