+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

БҚО-да үй өртеніп, газдан уланған әйел қаза болды

2020 жылғы 27 қазан 11:49
Бөлісіңіз:
БҚО-да үй өртеніп, газдан уланған әйел қаза болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп, газдан уланған әйел қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, қарт әйел зардап шекті Ақтауда пәтер өртенді Көкшетауда жатақхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 27 қазан күні Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында болды.

Сағат 02.12-де Ш.Шарафутдинов көшесі 5/2-мекенжайында өрт болып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Екі пәтерлік үйдің бір бөлігі (25 шаршы метр) жанған.

37 жастағы әйел газдан улану белгілерімен ауруханаға жеткізілгенімен, есін жия алмай, қайтыс болды.

Атап өтетін жайт, 16 жастағы қыз өрт сөндірушілер жеткенге дейін өзінен кіші үш бауырын терезеден шығарып алған.

Өрт сөндірушілер үйдің екінші бөлігін аман алып қалды.

Алдын ала болжам бойынша от электр жабдығын дұрыс пайдаланбаудан шыққан.

Өрт сағат 03.56-да оқшауланып, 04.29-да толықтай сөндірілді.

БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындау және өрт шыға қалған жағдайда абыржымай, бірден өрт күзетін шақыру

қажеттігін ескертеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT