БҚО-да төрт тұрғын өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында төрт тұрғын өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Досқали Жұмағалиевтің айтуынша, төрт жүргізушінің сот шешімдерімен 2 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді.

Олар көлік жүргізу құқығынан айырылған болса да, мас күйінде рульге отырған.

Былайша айтқанда, ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылған адам бес мың АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе сол көлемде түзету жұмыстарына тарту, не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа жегу, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру, өмір бойына белгілі бір қызметпен айналысу және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі жазаға ілігеді.

Айта кетейік, биылғы 11 қаңтардан бері рульге мас күйінде отырған 32 жүргізуші анықталды.


Соңғы жаңалықтар