БҚО-да шекараны заңсыз кесіп өткен өзбек азаматы іздестіріліп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында шекараны заңсыз кесіп өткен өзбекстандық азамат іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 1991 жылы туған өзбекстандық Усмон Саиджалоловқа қатысты ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігіне (ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Оның қасында 2016 жылғы ұлы да бар.

«22 мамыр күні У.Саиджалолов тергеу амалдарын жүргізу үшін шекара қызметі департаментіне шақыртылған болатын. Алайда өзбекстандық азамат келмей, белгісіз бағытта бой тасалаған. Қазіргі кезде оның ұлымен бірге қайда жүргені белгісіз. Ерекше белгілері: бойы 165-170 см, орта денелі, шашы қара, үстіне қара күрте, сұр джинсы, аяғына қара кроссовка киген. Қазақстан шекарасынан заңсыз, өткізу бекетіне соқпай немесе жалған құжатпен өтуі ықтимал», деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар