БҚО-да өртенген вагоннан ер адамның мүрдесі табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өртенген вагоннан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 24 қараша күні Бәйтерек ауданы Чесноков ауылы маңында болды.
Сағат 04.00 шамасында ауыл шаруашылығымен айналысатын ЖШС-ның тұрғын үй вагоны жанған.
Өрт сөндірілгеннен кейін 52 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өрт-техникалық зерттеу жүргізілетін болады.
Аталған вагонда екі ер адам болған. Түтін исінен оянған 34 жастағы жүргізуші сыртқа шығып үлгерген. Қайтқан адам жұмысшы болып істеген.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 204-бабына (бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- Ақмолада кейбір дүкен-базарлар карантинге қарамастан демалыс күні жұмыс істеген
- Әкімдіктер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға барынша мүдделі болуы керек – Жеміс Тұрмағамбетова
- Коронавирус: Ауыр халде жансақтау бөліміне түскен Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсарды
- БҚО денсаулық сақтау басқармасы бұрынғы басшысының ісі сотқа берілді
-
Қызылордада өртенген жүк көлігінде бір адам көз жұмды
-
Ақмола облысында өрт шыққан пәтерден мүгедек әйел құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам