БҚО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының орындалу барысымен таныстырып, өңірдің биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталған Ғ.Есқалиевтің айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға өсті.

Оның сөзіне қарағанда, өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің аздаған төмендеуі індеттің салдарынан Ресейге шығарылатын экспорт көлемінің азаюына байланысты болып отыр.

«Жыл соңына де йін өңдеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды, соның ішінде жиһаз құрастыратын, трансформатор өндіретін және тері өңдейтін цехтарды іске қосамыз», деді өңір басшысы.

Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткеніндей, Қазақстанның батыс өңірлері газхимия саласын дамытуы тиіс.

«Сарапшылардың бағалауынша, өнім қазіргідей көлемде алынатын болса, өңірдегі газ қоры кемінде алпыс жылға жетеді. Мұнайға сұраныстың төмендеуі болжамдалып отырғандықтан, Батыс Қазақстанға газды терең өңдейтін жоба қажет. Біз қазір Энергетика министрлігімен газхимия саласы бойынша жүзеге асыруға болатын жобаларды талқылау үстіндеміз», деді Ғали Нәжімеденұлы.


Соңғы жаңалықтар