БҚО-да мүйіздері кесілген 50-ге жуық киіктің ұшасы табылды

None
None
ЖАҢАҚАЛА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында заңсыз атылған 50-ге жуық киіктің ұшасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Батыс Қазақстанда жануарларға қарсы қылмыстық əрекет орын алды. Бүгін «Охотзоопром» инспекторлары рейд кезінде мүйіздері кесіп алынған 50 бас киікті тапты. Полиция қазіргі уақытта осындай тағылыққа барған адамдарды іздестіруде. Қылмыс жасағандар табылып, жазасын алады деп сенемін», - деп жазды Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.

Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылған.

«Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», - делінген министрлік ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар