20:07, 12 Қараша 2019 | GMT +6
БҚО-да қос қабатты коттедж жанып кетті: Үйдің иесі анықталуда
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында қос қабатты тұрғын үй жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт 10 қараша күні сағат 23.30-да Линейная көшесі, 40/1-мекенжайындағы мансардалы үйден шыққан.
80 шаршы метр аумақты шарпыған жалын 11 қарашада сағат 00.52-де сөндірілді.
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 10 адам, 3 техника жұмылдырылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, үйдің иесі, келтірілген шығын және кінәлі адамдар анықталу үстінде.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде тұрғын үйлерде 310 өрт оқиғасы болып, салдарынан 6 адам қаза тапты, 15-і зардап шекті.