+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

БҚО-да коронавирусқа шалдыққандар арасында зейнеткерлер саны көбейіп отыр

2020 жылғы 30 қазан 13:27
Бөлісіңіз:
БҚО-да коронавирусқа шалдыққандар арасында зейнеткерлер саны көбейіп отыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққандар арасында зейнеткерлер саны көбейіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Теңіз кенішіндегі стационарда  86 науқас емделіп жатыр Түркістан облысының 16 үйлестіру орталығы СOVID-19 инфекциясымен күресуге дайын Ресейде коронавирустан бір тәулік ішінде 596 адам қайтыс болды

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соңғы кезде індеттің өсе түскені байқалады.

Оның сөзіне қарағанда, қыркүйекте коронавирусты 111 адам жұқтырса, қазан айының басынан бері 137-ге жетті.

Ауырғандардың 65-і немесе 47,6 пайызы –зейнеткерлер. Бұл тұрғындар арасында той, садақа сияқты көпшілік шараларға барудың тыйылмай отырғанын көрсетеді. Сондай-ақ 26 жұмыссыздан (18,9 пайыз), жұмыс жасайтын 23 адамнан (16,8 пайыз), 12 медицина қызметкерінен (8,7 пайыз), 7 мұғалім мен тәрбиешіден (5,1 пайыз) және 2 оқушыдан (1,4 пайыз) коронавирус анықталды.

Қазіргі таңда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 71 адам емделіп жатыр. Соның алтауы жансақтау бөлімінде.

Бұл ауруды асқындырып алудың, уақтылы емделмеудің салдарынан болып отыр.

Ресейде коронавирусқа байланысты күрделі жағдай қалыптасып отырғаны белгілі. Соған байланысты көрші елмен шекарадағы төрт автоөткелде санитарлық талаптар күшейтілген болатын. 6 қазаннан бері COVID-19-ға анықтамасы жоқ 738 адам екі күнге карантиндік стационарға жатқызылып, соның 18-інен індет табылды.

Сонымен қатар 26 қазаннан бері халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын ПТР анықтамасы жоқ жүргізушілерді тексеру басталды. Анықтамасыз өткен 544 жүргізушіден сынама алынып, соның үшеуі коронавирус жұқтырған болып шықты. Үшеуі де – Орал қаласының тұрғындары.

«Өкінішке қарай, облыста той, садақа секілді көпшілік жиындар өткізу жалғасуда. 158 мониторингтік топ 17 тамыздан бері 440 нысанда заңның бұзылғанын анықтады.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 317 хаттама толтырылып, 15 млн астам теңге айыппұл салынды. Шектеу шараларын үнемі бұзып отырған 6 нысанның қызметін тоқтату туралы ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берілді. Мейрамханалармен қатар қаладағы ірі сауда үйлері мен базарларда да санитарлық талаптар сақтала бермейді. Сондай-ақ тұрғындар да маска киюді ұмытпауы керек. Егер бұл талаптар сақталмай, індет өршісе, оны қатаңдатуға мәжбүр боламыз», деді М.Арыспаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда отандық өндірушінің айына 1,2 млн маска шығармақшы екендігін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT