БҚО-да коронавирус жұқтырған 800-ден астам адам амбулаторлық ем алып жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 838 адам амбулаторлық ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 12,2 пайызға төмендеді.

Соңғы тәулікте 40 адамнан коронавирус анықталды.

Қазіргі кезде инфекциялық стационарларда 235 пациент ем қабылдауда. Соның 136-сы модульдік стационарда, 70-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында. Соның ішінде 23-і ауыр халде болғанымен, олардың арасында инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар жоқ.

Пандемия басталғаннан бері барлығы 38 429 науқас тіркелді. Жыл басынан бері анықталған 29 208 науқастың 20 183-інде ауру белгілері болды.

Биыл ауырған 2800 баланың 2726-сы жазылып шықса, 94-і емделу үстінде.

Басқарма мәліметіне қарағанда, өткен тәулікте 659 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілсе, соның 47-сі – созылмалы сырқаты барлар.

Вакцинация басталғаннан бері 231 266 адам бірінші компонентті қабылдады, бұл – егілуге тиісті тұрғындардың 55,8 пайызы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавируспен ауруханаға түскендердің 95 пайызы вакцина алмағандар екенін, БҚО мекемелері вакциналанбаған қызметкерлері үшін айыппұл төлейтінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар