БҚО-да қорғаныс полковнигі қызметкерінен пара алған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы сыбайлас жемқорлыққа күдікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, пара алғаны үшін күдікті болған полковник, «ҚР Қорғаныс министрлігінің БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ басшысын әшкереледі.

Облыстың қорғаныс істері жөніндегі басшысы қол астындағы қызметкерінен қызмет бабында көтермелеу мен оған қамқорлығы үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді.


«Күдікті ұсталып, Орал қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар