БҚО-да көлік қағып кеткен 61 жастағы ер адам қаза тапты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында көлік қағып кеткен 61 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 26 қараша күні Подстепный-Елек тас жолында болды.

Сағат 19.10-да 45 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Ларгус» автокөлігінің 61 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені жөнінде хабар түскен.

Марқұм алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-дағы жол апатынан бесінші адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар