+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

БҚО-да кәсіпкер ауылдастарының қарызын кешірді

2020 жылғы 21 мамыр 17:16
Бөлісіңіз:
БҚО-да кәсіпкер ауылдастарының қарызын кешірді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында тұратын кәсіпкер Әзбек Мұхитов рамазан айында ауылдастарының қарызын кешірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзінің айтуынша, ауыл тұрғыны шешенстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік желідегі челленджін көргеннен кейін осындай сауапты қадамға барған екен.

Кәсіпкердің челленджді жалғастырып, ауылдастарының берешегін кешіргені әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті.


«Барыс» деп аталатын азық-түлік дүкенін 2011 жылы ашып едім. Ауыл тұрғындарының тауарды жаздырып алатыны бар. Олардың үш жылдан бергі қарызы 63 685 теңгеге жетіпті. Ішінде жоқ-жітік жандар да, берешегін қайтарамын деп жүргендер де бар. Тізімге қараған жоқпын, дәптердің сол беттерін жыртып тастап, бәрін кешіруді жөн көрдім. Ең бастысы, бір-бірімізге деген мейірімділіктен айнымайық, кешірімшіл болайық. Оразамыз қабыл болсын», деді ҚазАқпарат тілшісіне Әзбек Мұхитов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT