БҚО-да ірі көлемде қаржы мен автокөлік бопсалағандар ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ірі көлемде қаржы мен автокөлік бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, үш оқиға да Орал қаласында болған.

Әбілқайыр хан көшесі бойында «Жигули» аялдамасы маңында 1989 жылғы тұрғын 34 жастағы азаматқа пышаққа ұқсас затпен күш көрсетіп, дене жарақатын салған. Сосын 1,750 млн теңге көлемінде қаржы бопсалаған.

Сондай-ақ 1992 жылғы екі тұрғын Еуразия даңғылы бойындағы «Сен Ойл» жанар-жағармай стансасы тұсында қалада тұратын 26 жастағы азаматқа күш көрсетіп, оның автокөлігін бопсалап, тартып алған.

Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасы бұл екі оқиға бойынша ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігіне (бопсалау) сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.

Сол секілді 1992 жылғы тағы екі ер адам «Сен Ойл» жанында Бәйтерек ауданының 23 жастағы тұрғынын бопсалап, оның да автокөлігін тартып алған.

Бұл дерек бойынша да ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігіне (бопсалау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын полицияға пара бермек болған БҚО тұрғынының ұсталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар