+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

БҚО-да инфекциялық стационарларда жатқандар саны 300-ден асты

2021 жылғы 22 қаңтар 00:14
Бөлісіңіз:
БҚО-да инфекциялық стационарларда жатқандар саны 300-ден асты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жұқпалы аурулар стационарларында жатқандар саны 311-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өңір коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр.

Қазіргі таңда 27 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ 30 адам карантиндік стационарда емделуде.

Осы кезге дейін облыста індет жұқтырғандар саны 10085-ке жетсе, соның 8699-ы жазылды. 183 адам қайтыс болды.

Коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққан 276 адам стационарлық, 52-сі амбулаторлық ем алды. Бұл дерттен 264 адам көз жұмды.

Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 8, оттегі концентраторына 14, орталықтандырылған оттегі көзіне 57 адам қосылған.

Қаңтар айында ғана өңірде 65 бала коронавирус жұқтырды.

Осы айда «Жайықмұнай» ЖШС-ның 9 қызметкерінен індет табылды. Ал «ҚПО б.в.» компаниясында 15 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтілетінін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT