БҚО-да екі бала құдыққа құлап, қаза тапты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екі бала құдыққа құлап, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 11 тамыз күні Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде болды.

Шамамен сағат 15.00-де қараусыз қалған 3 және 1 жасар екі бала жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 3 метр суы бар құдыққа құлап кеткен. Олардың денесін сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар шығарып алды.

БҚО ТЖ департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды өтінеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 4 бала Жайықты жүзіп өтпек болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар