БҚО-да автокөлік аударылып, екі адам ауруханаға жеткізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 17 қараша күні таңғы сағат 07.30 шамасында болды.

Чапаев-Жаңақала жолында Жаңақала ауданы Қызылоба ауылы тұсында «Тойота Ланд Крузер» автокөлігі аударылды.

Оқиға орнынан трассалық-медициналық құтқару бекетінің күшімен (4 адам, 1 техника) түрлі жарақат алған 1982 жылғы әйел мен 2015 жылғы бала Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, 1982 жылғы жүргізуші ер адамға Қызылоба фельдшерлік-акушерлік пункті Төртқұлақ медицина пункті қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ол Жаңақала аудандық ауруханасына барудан бас тартты. 4 жасар ер бала жабық бас-ми жарақатын алған, миына зақым келген. 37 жастағы әйел сынық жарақатын алған.

Соңғы жаңалықтар