БҚО-да автокөлік аударылып, ағалы-інілі жігіттер ауруханаға жеткізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, ағалы-інілі жігіттер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 11 қыркүйек күні Орал-Атырау жолының 80-шақырымында Ақжайық ауданы Бударин ауылы тұсында болған.

27 жастағы жүргізуші Daewoo Nexia автокөлігінің руліне ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, аударылып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен апаттық медицина орталығы трассалық медициналық-құтқару бекетінің қызметкерлері жүргізуші мен оның 24 жастағы інісіне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қатты қорқып қалған оларға психолог та жәрдем берді.

Жүргізушінің сол қолының білезік сүйегі сынған. Құтқарушылар оның қолын таңып, қанды тоқтатты. Інісінің жағдайы қалыпты, дегенмен толық қаралу үшін ол да ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 60-тан астам дала өрті тіркелгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар