БҚО-да автобус тасымалын субсидиялауға 126 млн теңге бөлінді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстанда облысішілік бағыттар бойынша жолаушыларды автобуспен тасымалдауды субсидиялауға 125,9 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткендей, 30 қарашаға дейін соның 101,8 млн теңгесі игерілген.

Оның айтуынша, қазіргі таңда облысішілік 9 маршрут субсидиялануда, олар: «Тайпақ-Орал», «Жаңақала-Орал», «Қаратөбе-Орал», «Қазталов-Орал», «Жалпақтал-Орал», «Жәнібек-Орал», «Шыңғырлау-Орал», «Ақжайық-Орал», «Чапаев-Орал».

Маршруттарды субсидиялау халықтың аз қамтылған топтарын (студенттер, зейнеткерлер және басқа) қолжетімді жолақымен қамтамасыз етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.

Субсидияланатын бағыттар саны (2017 жылы – 5, 2018 жылы – 6, 2019 жылы – 7) жыл сайын өсіп келеді.

Өңірде автобустар сондай-ақ 7 халықаралық (Самара, Орынбор, Тольятти, Саратов, Бузулук, Қазан, Ақсай-Орынбор), 2 облысаралық (Атырау, Ақтөбе) бағытта қатынайды.

Сол секілді субсидиялау бағдарламасы темір жол саласында да қолданылуда. Әлеуметтік маңызы бар «Орал-Озинки», «Орал-Шыңғырлау» маршруттарын субсидиялау үшін тасымалдаушы «Қала маңындағы тасымал» АҚ-ға облыстық бюджеттен 181,7 млн теңге қаралды.

30 қарашадағы мәлімет бойынша, 17 297 адам тасымалданып, 94,7 млн теңге субсидия игерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның үш ауданында аэродром салынатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар