БҚО-да 500 мың шаршы метрге жуық баспана салынады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында биыл барлық қаржы көздері есебінен 484,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 35 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны күрделі жөнделмек.

2020 жылы бюджет қаражаты есебінен 10 көппәтерлік тұрғын үй және ауылдық елді мекендерде 88 баспана (барлығы 1830 пәтер) салу жоспарланған. Соның ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін көпқабатты - 7 (1067 пәтер) және Тоқпай ауылында 20 тұрғын үй (120 пәтер) беріледі. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрғандар үшін көпқабатты - 3 (540 пәтер) және ауылдарда 68 жер үй (103 пәтер) бой көтеруде.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде кондоминиум нысандарын жаңарту үшін 35 жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 458,28 млн теңге бөлінді. Осы қаржыға Орал мен Ақсай қалаларында 28 жолаушылар лифтісі, 4 көппәтерлік тұрғын үйдің шатыры жөнделіп, Тасқала ауданында 3 көппәтерлік тұрғын үй жаңғыртылмақ.


Соңғы жаңалықтар