БҚО-да 128 мас жүргізуші 15 тәулікке қамалып, куәлігінен айырылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 11 қаңтар-20 ақпан аралығында көлікті мас күйінде жүргізген 128 жүргізуші 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 128 жүргізушінің барлығы, сондай-ақ 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Биылғы жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608-бабына сәйкес барлығы 172 жүргізуші жауапқа тартылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 259 адам осы бап бойынша заң бұзған еді.

Биылғы 11 қаңтардан бастап аталмыш кодекстің бірқатар баптары, соның ішінде көлікке мас күйінде отырғаны үшін берілетін жаза қатаңдатылғаны белгілі.


Соңғы жаңалықтар