+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

БҚО-да 10 мыңнан астам волонтер тұрғындарға көмектесіп жүр

2020 жылғы 30 мамыр 02:18
Бөлісіңіз:
БҚО-да 10 мыңнан астам волонтер тұрғындарға көмектесіп жүр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 10 мыңнан астам волонтер әлеуметтік маңызы жоғары жобаларды жүзеге асыруға қатысып, ұйымдар мен тұрғындарға тегін көмектесіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, «Ақжайық волонтерлері» волонтерлік корпусы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен 2017 жылы құрылған.

Корпусқа өңірдегі барлық еріктілер клубтары, ұйымдар мен топтар кіреді, олардың құрамында мектеп оқушыларынан бастап жұмысшы жастарға дейін бар.

Волонтерлердің бірыңғай базасын құру мақсатында volunteer07.kz сайты жұмыс жасайды. Волонтерлер «Медицина», «Экология», «Әлеуметтік көмек», «Медиа», «Мәдениет», «Спорт», «Донор» секілді барлығы 15 бағыт бойынша қызмет атқарады.

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Мейірбек Нұркеннің айтуынша, өңірде 60 волонтерлік топ және 10 мыңнан астам ерікті жұмыс істейді.

Төтенше жағдай кезінде және қазіргі карантин уақытында еріктілердің қатысуымен облыс тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек түрінде көмек көрсетілді. Облыс орталығы мен аудандарда 5 мыңдай отбасы азық-түлік себеттерін алды. 80 мыңнан астам көпреттік бетперде тігіліп, адамдар көп жиналатын жерлерде тегін таратылды.

«Соңғы кезде облыс тұрғындары арасында коронавирус індетінің кең етек алуы жастарды да алаңдатып отыр. Сондықтан волонтерлер санитарлық талаптарды сақтау жөнінде тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізуде. Олар қоғамдық көлік пен сауда орталықтарында карантиндік талаптардың сақталуын бақылауда. Сондай-ақ Орал қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен бірге «Жастар бақылауы» шарасын жалғастыруда», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Нұркен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT