БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы тағайындалды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы болып Нұрлан Қыдырбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлан Қыдырбаев 1992 жылы Мәскеу темір жол және көлік инженерлері институтын, 2001 жылы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетін бітірген.

1993 жылдан 2018 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2019 жылдан 2020 жылға дейін Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.
Осы уақытқа дейін Агенттіктің қызмет басшысының орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар