БҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Арман Кәрімұлы 1964 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары. Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін мал дәрігері, экономика бакалавры, экономика ғылымдарының магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары, Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, БҚО әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болды.
2020 жылдан бастап Теректі ауданының әкімі қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.