+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына жаңа бағыт енгізіледі

2020 жылғы 19 мамыр 10:40
Бөлісіңіз:
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына жаңа бағыт енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына «Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бойынша жаңа бағыт енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ел экономикасын қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына «Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бойынша жаңа бағыт енгізіледі. Субсидиялау есебінен қаржыландыру қолжетімді болады. Мөлшерлеме 6 пайыздан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға - 5 млн теңгеге дейін және өндірістік мақсаттарға - 20 млн теңгеге дейін несие беріледі. Бұл микробизнес өкілдерінің үлкен тобын қамтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте микробизнес үшін жаңа формат бойынша оқыту енгізіледі. Ол да қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді», - деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, кепілдің жетіспеушілігін шешу үшін айналым қаражатын толықтыруға шағын және орта бизнес жобаларын несиелендіру бойынша Ұлттық банк бағдарламасы аясында берілетін қарыздарға Даму қорының кепілдігі пайдаланылады. Банктер мен микроқаржы ұйымдары несие бойынша төлем мерзімін ұзартатын салалардың тізбесі кеңейтілді. Арнайы салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік және салық есептерін жүргізу жеңілдетіледі.

«Жеке кәсіпкерлердің жалдамалы қызметкерлері мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жүктемені төмендету және міндетті төлемдерді төлеуді оңайлату мәселесі пысықталуда. Салық органдарына салық есептілігін алдын ала декларациялау міндеті жүктеледі. Бұл бизнеске әкімшілік ауыртпалықты азайтады», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT