Бизнестің іскерлік белсенділігі біртіндеп қалпына келуде – Ұлттық банк

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Ұлттық банкі 447 кәсіпорын арасында сауалнама жүргізді, нәтижиесінде экономика бойынша іскерлік белсенділік индекс көрсеткіші едәуір өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың мамыр айында экономикадағы іскерлік белсенділік индексі 50-ден төмен болып қалды, бірақ іскерлік белсенділіктің біршама қалпына келуі байқалды, индекс 44,0 көрсетті (2020 жылғы сәуірде - 37,2). Көрсеткіштің баяулауы экономиканың барлық секторларында орын алды, айтарлықтай - қызмет көрсету саласында орын алды. Мамыр айында қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік индексі 42,8, құрылыста - 42,1, өнеркәсіпте - 46,9 құрады (2020 жылғы сәуірде - сәйкесінше 34,7, 36,3 және 42,1)»,– деп хабарлады Ұлттық банк.

Десекте, басқа салалармен салыстырғанда, қызмет көрсету саласында 2020 жылдың мамыр айында іскерлік белсенділік индексінің едәуір жақсарғаны байқалды (өсім 8,1 п.т.), бұл индекстің барлық компоненттерінің күшеюіне байланысты болды.

Құрылыс саласында жаңа тапсырыстар санының және жұмыспен қамту деңгейінің өсуі алдыңғы аймен салыстырғанда іскерлік белсенділіктің құлдырауының баяулауына әкелді. Өнеркәсіп саласында да индекстің барлық компоненттерінің жақсаруы индикатордың шамалы өсуіне әкелді.

Қазақстан экономикасында Бизнес-ахуал индексі (БАИ) 2020 жылғы мамыр айында (-) 13,7 құрады, сәуірде бұл көрсеткіш (-) 31,6 болды. Бизнесті жүрізу жағдайы аздап жақсарды және Қазақстанның нақты секторындағы кәсіпорындар үшін қиындығы төмендеді, бірақ соған қарамастан, теріс динамикасы жалғасуда.

2020 жылғы мамыр айында барлық салалардағы кәсіпорындардың оң бағалау санының артуына байланысты сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың ағымдағы жағдайын бағалауы жақсарды, ол (-) 26,3 құрады. Нақты сектордағы кәсіпорындардың іскерлік күтімі 2020 жылдың маусым айында (-) 0,13, сәуірде - (-) 19,6 құрады.


Соңғы жаңалықтар