Бизнес талаптарын барынша жеңілдету қажет - Руслан Дәленов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шектеу шаралары әсер еткен салаларда рәсімдер мен шарттарды барынша жеңілдету қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іскерлік белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет. Біріншіден, бизнесті жүргізу үшін, әсіресе шектеу шаралары әсер еткен салаларда рәсімдер мен шарттарды барынша жеңілдету, екіншіден, іскерлік белсенділікті қолдау үшін әкімдіктер жанындағы өңірлік штабтардың бизнес сұраныстарына жедел ден қою, үшіншіден, экономиканы екінші деңгейлік банктер кредиттеуі кезінде бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануды жандандыру керек», - деді министр.

Сонымен қатар ол жергілікті атқарушы органдардың сапалы инвестицияларды тартуы бойынша белсенді және мақсатты жұмыс жасау керектігіне назар аудартты.

«Бесіншіден, жұмыспен қамтудың жол картасы аясында құрылатын жұмыс орындары бойынша мониторингті күшейту және тұрақты жұмыспен қамту үлесін ұлғайту қажет. Алтыншыдан, тұтыну тауарларының бағаларын ерекше бақылау және тұрақтандыру қорларының тетіктерін пайдалану арқылы маусымдық ауытқуларға жол бермеу керек. Жалпы орындалып жатқан шаралар әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар