Біздің жұмысымыз баптылықты талап етеді – микрохирург дәрігер

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының үздік микрохирургтарының бірі, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы клиниканың маманы Тимур Игімбаев ҚазАқпарат тілшісіне өзінің мамандығы және осы бағыттың әлеуеті туралы айтып берді.

Микрохирургия – хирургияның әртүрлі салаларында қолданылатын жаңа бағыттардың бірі. Бұл - оптикалық құралдарды, арнайы жабдықтарды және ең жақсы тігіс материалын қолдана отырып жасалатын хирургиялық әдіс. ХІХ ғасырдың соңында осындай оталарда микроскопты қолданудың алғашқы қадамдары жасалған. Микроскопты қолдана отырып жасалатын операциялар бастапқыда тек офтальмология мен оториноларингологияда жүргізілетін. Кейіннен нейрохирургияда операциялық микроскоп пен микрохирургиялық әдістер қолданыла бастады. Қазір бұл бағыт медицинаның барлық бағыттарына енгізілді.

- Тимур Киндешұлы, дәрігерлер арасында «Жақсы микрохирург болу үшін көп жылдық тәжірбе қажет» деген сөз бар. Бұл бағыттың осындай күрделі екенін біле тұра, неліктен сіз осы мамандандықты таңдадыңыз?

- Бұл анықтама негізі кез келген хирургиялық мамандыққа тән деуге болады. Мен әрдайым ұсақ бөлшектермен жұмыс жасауға қызығатынмын. Біздің клиникада жарақаттан кейін ақауы бар науқастарға микрохирургиялық операциялар жасау қажеттілігі туындаған кезде, менің тәлімгерлерім және басшыларым бірнеше науқасты емдеуді ұсынды. Клиника директоры Еркін-Дәуір Құрманғалиев мықты клиницист әрі жаңа тәсілдерді қолданудың бастамашысы. Ол кісі маңайына пікірлестер командасын құрды. Біздің команда, менің ойымша алға қойылған мақсатты абыроймен орындай алды. Емдеудің жақсы нәтижелері одан әрі жұмыс істеуге ынталандырады. Сондықтан, дәрігерлердің практикалық қажеттілігі мен жеке бейімділігі сәйкес келуі тиіс деп ойлаймын. Қазіргі таңда аймақтың денсаулық сақтау басқармасы мен аурухана басшылығының осы бағыттың өзектілігін түсінетіні қуантады. Бұған дәлел - микрохирургия және күйік шалған науқастарды емдеу бойынша кезекті шеберлік сабақтары ұйымдастырылғаны. Осы күндері Израиль клиникасының мамандарымен тәжірибе алмасып жатырмыз.

- Микрохирургтарды көбінесе саперлермен салыстырады. Неліктен?

- Шынымды айтсам, бұл туралы естімеппін. Мүмкін, бұл біздің жұмысымызда асығыстыққа орын берілмейтіні және ол зиян әкелетінін білдіреді деп ойлаймын.

- Екі жыл бұрын сіз бір жас жігіттің арамен кесіп алған саусағын орнына тігіп берген едіңіз. Бұл операция қаншалықты қиын болды?

- Бұл ұжымдық жұмыс болды, аурухананың көптеген мамандары емдеу процесіне қатысты. Аяқ-қолды қалпына келтіру - өте күрделі ота болып саналады, өйткені құрылымы әртүрлі бірнеше анатомиялық құрылымдарды қалпына келтіру қажет және де жұмысымыздың нәтижесі операциялардың ұзақтығына байланысты. Біздің аймақта мұндай операциялар алғаш рет 80-жылдардың соңында жасалған. Осындай операциялар профессор С.В. Лохвицкийдің бастамасымен жүзеге асырыла бастады. Ал, Ф.И. Галицкий бұл операцияларда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, тәжірибеге енгізді. Қазір өндірістегі қауіпсіздік әлдеқайда жоғары болған кезде, мұндай жағдайлар әлдеқайда сирек кездеседі. Бізде аяқ-қолдардың жартылай кесілген жағдайлары болды.

- Күрделі операциялар кезінде сіз қобалжисыз ба, әлде ынталана түсесіз бе?

- Егер операция әдісі бұрыннан жасалған болса, онда одан хирург қорықпауы керек. Егер біз операцияның жаңа әдісін қолданатын болсақ, онда ол әрқашан алдыңғы тәжірибеге негізделеді. Бірақ, мұндай жағдайларда әрқашан қобалжимыз, мұқият дайындаламыз.

- Білуімізше, елімізде микрохирургтар көп емес. Жұмыста жүктемеңіз қандай? Айына, жылына қанша операция жасайсыз?

- Қазір өз жұмысында микрохирургиялық техниканы қолданатын мамандықтар жеткілікті: офтальмологтар, кардиохирургтер, нейрохирургтар және басқалар. Бірақ, біздің сала дәлірек «Реконструктивті микрохирургия» деп аталады. Егер осы тұрғыдан қарайтын болсақ, Қазақстанда бұл салада мамандар көп емес. Біз орындайтын басқа операциялармен қатар, дәл осы сипаттағы операциялар күн сайын жасалмайды, өйткені олар көп уақытты қажет етеді. Бірақ, нәтиже пациенттердің көпшілігінде қайталанатын дәстүрлі операцияларды, ауыр мүгедектікті болдырмауға мүмкіндік береді.

- Қандай органдар микрохирургиясы жиі жүзеге асырылады?

– Біз негізінен жарақаттар, күйіктер, созылмалы остеомиелит – сүйектердің қабынуы салдарымен жұмыс істейміз. Анатомиялық аймақтар әртүрлі болуы мүмкін, негізінен аяқ-қолдар. Бірақ онкологияда бұл әдістерге үлкен қажеттілік бар.

- Микрохирургиядағы соңғы жаңалықтар...

- Инновациялар пластикаға арналған тін кешенін түзу әдістерін жетілдірумен байланысты, осы аспект бойынша адам анатомиясын зерттеу жұмыстары әлі де жүргізілуде, тіпті жаңалықтар да жасалып жатады. Сондай-ақ, әлемде трансплантацияланған тіндердің өміршеңдігін диагностикалау, үлкейту техникасы (көзілдірік, микроскоп) жетілдірілуде, мұнда VR технологияларын қолдану тенденциясы бар.

- Сұхбатыңыз үшін рахмет, мерекеңіз құтты болсын!


Соңғы жаңалықтар