#BizBirgemiz: Қазақстандық кәсіпкерлер коронавируспен күреске қаражат бөліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына еліміздің барлық өңірінен қайырымдылық ретінде қаражат түсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Твиттерге жазды.

«Көптеген дәулетті қазақстандықтар коронавируспен күреске қаражат аударып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ұсынысы отандық меценаттар мен ірі кәсіпкерлердің қолдауына ие болды», - деді А. Үкібай.

Оның айтуынша, бұл – жалпы қауіп-қатер жағдайында қоғамның, мемлекет пен бизнестің шоғырлана алуының айқын дәлелі.

«Қазақстандықтар кезекті рет өздерінің бірлігі мен қайсарлығын, жақынына көмектесуге және қиындықтарды бірге жеңуге дайын екендігін көрсетті», - деп атап өтті Айдос Үкібай.

Жиналған қаражат Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарына сәйкес жұмсалады.

«Қоғамдық қорға меценаттар мен кәсіпкерлер – Тимур Құлыбаевтан 10 миллион доллар, Айдын Рахымбаевтан - 2 миллион доллар, Кеңес Рақышевтен - 1 миллион доллар, Ғалымжан Есеновтен - 2 миллион доллар, Рашид Сәрсеновтен - 2 миллион доллар, Александр Клебановтан - 2 миллион доллар және Александр Беловичтен – 2 миллион доллар қайырымдылық көмек түсті», - деп хабарлады А. Үкібай.

Қазіргі уақытта қоғамдық қорға 41 миллион доллар қаражат жиналды.

Коронавирустық инфекциямен күресті қолдауға қаражат жинау жалғасуда.

Қоғамдық қор реквизиттері:

Алушы: «Birgemiz» қоғамдық қоры

Алушы банкі: Нұр-Сұлтан қаласындағы «ForteBank» АҚ филиалы

KZT ағымдық шоты (IBAN счет): KZ0896503F0009566181

USD ағымдық шоты (IBAN счет): KZ5196503F0009566183

БСН/ЖСН: 200340023803


Соңғы жаңалықтар