+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

#БізБіргеміз: елордадағы «Алматы» ауданы әкімдігі челленджді қолдады

2020 жылғы 24 қаңтар 17:37
Бөлісіңіз:
#БізБіргеміз: елордадағы «Алматы» ауданы әкімдігі челленджді қолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Алматы» ауданы әкімдігінің қызметкерлері қала тұрғындары және қызмет көрсетуші ұйыммен бірге «Біз біргеміз» челленджі аясында Мұстафин көшесіндегі аулалық аумақты қардан тазалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады Нұр-Сұлтанда ұры көліктің терезесін сындырып, 1,2 млн теңгенің заттарын алып кеткен Елорда көшелерінде жылдамдық режимі өзгерді

Белсенді қызметкерлер елорда жастары бастаған челленджді қостап, #БізБіргеміз хештегімен өзге де мекемелерді науқанға қатысуға шақырды. Аталмыш шара елорда көшелерін қардан тазартуға және коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетуге бағытталған. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында бастаманың волонтерлер жылына сай екендігін атап өтіп, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау ұсынысын қолдайтындығын білдірді.

Айта кетсек, елорда еріктілерін алғаш қолдағандар қатарында белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, «Назар аудар» театрының әртістері болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT