Біз мұнайды Қытай мен Еуропаға экспорттау жолдарын әртараптандыруды қолға алдық - Мемлекет басшысы

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Біз мұнайды Қытай мен Еуропаға экспорттау жолдарын әртараптандыруды қолға алдық. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия бизнес өкілдерінің басқосуында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Түркиямен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға да баса мән беретінін айтты. Сонымен қатар жаңа геосаяси ахуалға байланысты Транскаспий халықаралық көлік бағытының рөлі де айтарлықтай арта түскен.

«Транскаспий дәлізіне Құрық теңіз айлағы қосылған соң Қорғастан Стамбулға жүк тасымалдау уақыты 5 есеге қысқарды. Бұрын 60 күн жүретін жүк қазір небәрі 13 тәулікте жетеді. Біз мұнайды Қытай мен Еуропаға экспорттау жолдарын әртараптандыруды қолға алдық. Соның ішінде Түркияның көлік дәліздерін пайдалана бастадық. Мұнай құбырларының өткізу қабілетін арттыру және Ақтау, Құрық теңіз айлақтарын жаңғырту жұмысы басталды», – деді Президент.

Соңғы жаңалықтар