Біз біргеміз: Жетісайлық шаруалар 74 тонна жемшөпті Маңғыстауға жөнелтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысынан Маңғыстауға 70 тоннадан астам мал азығы жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ халқының ізгі қасиеттерінің бірі қайырымдылық екені даусыз. Кез келген қиындықты ел болып жеңе білген.

Маңғыстау облысында биыл жауын-шашын аз түсуіне байланысты мал азығы шөптің жеткілікті мөлшерде шықпай қалуына байланысты қуаңшылық болды.

Осыған орай еліміздің әр өңірі мүмкіндігінше көмек көрсетіп отыр.

Мәселен, Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары «Біз біргеміз» акциясы аясында 74 тонна пресс шөпті маңғыстаулықтарға жөнелтті.

Сондай-ақ, жетісайлықтар тағы да қосымша 60 тонна мал азығын жөнелтпек.

Айта кетерлігі, былтыр ғана топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданы Өргебас ауылының шаруалары да бір вагон жемшөп тиеп, қиындық көріп жатқан шаруаларға жіберді.


Соңғы жаңалықтар