«Біз біргеміз»: ҚХА дәрігерлерге қолдау көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы #BIZBIRGEMIZ акциясы аясында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ассамблеяның сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласындағы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының филиалы, «Өзбек мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Ильдаш» татар орталығы қысқа мерзім ішінде салынған жаңа модульдік госпитальге көмек ретінде 350 электрондық термометрді сыйға тартты.

Медициналық бұйымдарды сатып алуға «Ильдаш» татар орталығының төрайымы Нұрия Ниязова, Өзбек ұлттық этно-мәдени орталығының төрағасы Абдулла Исматуллаев, Алматы қаласы республикалық Қазақстан ұйғырларының этномәдени орталығы филиалы төрағасының орынбасары Абдулхалил қол ұшын созып, қаржылай көмек берді.

Электрондық құрылғыларды емдеу мекемесіне «Ильдаш» татар орталығының төрайымы Нұрия Ниязова, «Өзбек мәдени орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Халил Оралбаев, Қазақстан Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметкері Қуат Хамзин, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» АҚБ төрағасы Рустам Кайрыев арнайы тапсырды. Өз өмірлерін қауіпке тігіп, алдыңғы шепте жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясы әрдайым халықпен бірге екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар