Біз біргеміз: Келес ауданында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Келес ауданында «Біз біргеміз» акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Jas Otan» жастар қанаты мүшелері мен аудан еріктілері 10 отбасыға азық-түлік жеткізіп берді.

«Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде аз қамтылған отбасыларға қол ұшын беру мақсатында, Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясы жарияланған болатын. Осы орайда партияның Келес аудандық филиалының төрағасы Ақментай Есбаев пен төрағаның бірінші орынбасары А.Жұмабеков, «Абай» бастауыш партия ұйымының төрағасы Е.Әбдірақымов Абай ауылындағы тұрмысы төмен отбасыларға барып, «Наурыз» мерекесімен құттықтады. Індеттен сақтану құралдары мен бірінші кезектегі қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп, әр отбасына антисептик пен медициналық бетперде апарып берді. Сонымен қатар, макарон өнімдері, қарақұмық, күріш, қант, құры шай, ас тұзы, печенье және өсімдік майы салынған себет табыстады.


Ал, Шардара ауданында бір отбасы баспаналы болды. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасы аясында аз қамтылған және туылғаннан III топ мүгедегі Ерсұлтан Сайлауұлының отбасына 4 бөлмелі үйдің кілті табыс етілді. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың бастамасымен демеушілер қолдау көрсетіп, көпбалалы отбасы қуанышқа бөленді. Баспана алуға жұмсалған қаржы Шардара ауданынының 55-жылдығына орай, жергілікті және ауданнан шыққан кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен қарастырылған болатын.


Соңғы жаңалықтар