Біз біргеміз: Атбасарлықтар Мақтааралға гуманитарлық көмек жіберді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Барлығы 20 тонна азық-түлік пен тұрмыстық заттар тиелген гуманитарлық жүк Атбасар қаласынан Түркістан облысының су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

«2014 және 2017 жылдары су тасқынынан зардап шеккен Атбасар тұрғындары қиындыққа тап болған мақтааралдықтардың жағдайын жақсы түсінеді. Ел басына күн туған шақта қазақ халқы ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында барлық қиындықтарды жеңе білген. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осындай көмекті ұйымдастыруға үлесін қосқан барша атбасарлық кәсіпкерлерге, жастарға шынайы алғысымызды білдіреміз!», - деді Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Абай Бекбаев.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, бұл атбасарлықтардың су тасқынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына жіберіп жатқан гуманитарлық көмегінің екінші легі. Алғашында 25 тонна ұн жөнелтілген болатын.

Соңғы жаңалықтар