Біз біргеміз: Ақмола облысында ассамблея мүшелері мұқтаж жандарға көмектесуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Видергебурт» немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мұқтаж жандарға көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысындағы «Видергебурт» немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі жыл сайын «Возрождение» республикалық қоры тарапынан бөлінетін грантты жүзеге асырып келеді.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі Светлана Корнеева басқаратын этномәдени бірлестіктің немістердің тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік, білім беру және мәдени жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар.
Қазіргі уақытта бөлінген грант аясында этномәдени бірлестік 10 жобаны жүзеге асырады, оның ішінде балаларға неміс тілін үйрету, «Неміс тілі мұғалімі» мамандығы бойынша студенттерді оқыту, «Вундеркинд» мектепке дейінгі білім беру орталығының қызметі, этнос дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, жастар қозғалысын дамыту бағыттары бар.
Білім беру, мәдени жобалармен неміс ұлтының тұлғалары ғана емес, басқа да этнос өкілдері қамтылған. Барлығы - 3500-ден астам адам. Онда әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген азаматтарға медициналық, психологиялық көмек көрсетуге, жалғыз басты қарт адамдарды қолдауға, оларға дәрі-дәрмек алуға, мұқтаждарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге, еңбеккерлерге көмек көрсетуге бағытталған «Мұқтаж азаматтарды әлеуметтік-гуманитарлық қолдау» жобасы маңызды орын алады.
«Елімізде кароновирус пандемиясы қаупіне байланысты төтенше жағдай енгізілді. Сондықтан «Видергебурт» қоғамдық бірлестігі «Біз біргеміз» ұранымен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, мүгедектерге, қарт азаматтарға, созылмалы аурулары бар адамдарға көмек көрсету қызметін жандандырды. Наурыздың 30-дағы жағдай бойынша осы санаттағы адамдарға коронавирус инфекциясынан жеке қорғану құралдары бар 20 медициналық пакет үлестірілді», - дейді Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметіндегілер.
- Коронавирус: Түркістан облысында 131 науқаc бақылауға алынған
- Астанада карантин кезінде қыз ұзатып, туған күн тойлағандар анықталды
- Шымкентте автокөрме ұйымдастырылып, оған 100-ден астам адам жиналған
- Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
-
Алматыда инфекциялық аурухана қаражатын жымқыруға қатысты тергеу басталды
-
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі 5 маусымға дейін ұзартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам