«Біз біргеміз» акциясы аясында елорда тұрғындарына көмек көрсетілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр. Волонтерлер әлеметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттерін жеткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бізде күн сайын шамамен 20-30 мекенжай жоспарланады. Біз мұқтаждарға азық-түлік қана емес, гигиеналық құралдар – дымқыл майлықтар, маска мен антисептик те жеткізіп береміз», - дейді ерікті Әл-Фараби Аймақ.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов әлеуметтік жағдайы төмен және мүгедек жандарды бағып отырған отбасыларға 50 себет жеткізілгенін атап өтті. Азық-түлік себеттері демеушілер көмегімен дайындалған.


«Біз біргеміз» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себетін жеткізу жұмысы жалғасып жатыр. Біздің волонтерлер карантин кезінде барлық сақтық шараларын сақтай отырып (үйге кірмей, себеттерді үй сыртында қалдыра отырып), жұмысты жалғастырады», - дейді Дәурен Бабамұратов.

Елорда тұрғындары қала әкімдігі мен еріктілерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.


Соңғы жаңалықтар