Биылғы қаңтар-наурызда елімізде 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы қаңтар-наурызда 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс секторындағы өсу қарқыны жеделдеді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1 пайызға ұлғайды. Көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенінің құрылысы бойынша жұмыстардың аяқталуына байланысты Маңғыстау облысын қоспағанда, барлық өңірлер оң өсім көрсетті», - деді министр Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурыздағы қорытындыларды баяндай келе.

Оның айтуынша, жоғары өсу Түркістан облысында мәдениет және спорт нысандары, көппәтерлі тұрғын үйлер, магистралдық газ құбыры мен көлік жолдары құрылысының ұлғаюына байланысты. Осындай көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау, білім беру және ауыл шаруашылығы нысандарын салуға байланысты байқалып отыр. Алматы қаласында метро, білім беру нысандарын салу әрі электр желілерін дамыту есебінен жоғары өсім тіркелді.

«Биылғы қаңтар-наурызда 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың кезеңінен 8,6 пайызға жоғары. Павлодар облысынан басқа барлық өңірлер оң өсім көрсетті. Тұрғын үйді ең көп 5,9 есе пайдалануға беру Шымкент қаласында байқалды» - деді Ә. Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар