Биылғы барлық игі істер халқымыздың бірлігін бекемдейді деп сенемін – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы барлық бастамалар мен игі істер халқымыздың бірлігін бекемдейді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы зор ондаған жалпыұлттық жоба қолға алынды. Волонтер жылының басты ұраны - БІРГЕМІЗ. Сондықтан биылғы барлық бастамалар мен игі-істер халқымыздың бірлігін бекемдейді деп сенемін. Мен ұсынған «Әралуан пікір - біртұтас ұлт» тұжырымы осындай шаралар арқылы жүзеге асырылуы керек», - деді Мемлекет басшысы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында.

Қазақстан Президенті мемлекет еріктілерге әрқашан қолдау көрсететіндігін баса айтты.

«Алдағы кезеңде біз бірқатар маңызды мәселеге айрықша назар аударуға тиіспіз. Ең алдымен жастар жылының жабылуына арналған шарада мен біздің қоғамыздың нақты мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар жобаны атаған едім. Ауылдағы жастар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, ардагерлер мен зейнеткерлер көмекке мұқтаж. Әсіресе науқастардың бейімделуіне және күтіміне қол үшін беру құнды бола түспек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар