USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Биылғы 10 айда өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталды – Бейбіт Атамқұлов

2021 жылғы 30 қараша 09:34
Бөлісіңіз:
Биылғы 10 айда өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталды – Бейбіт Атамқұлов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 10 айда еліміздің өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Негізгі азық-түлік түрлерінің 5 айлық қоры қамтамасыз етілді - Бақыт Сұлтанов Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуде 180 субъектіге тергеп-тексерулер тағайындалды Дизель отыны нарығындағы бөлшек саудада 12 тергеу жүргізілуде - Серік Жұманғарин

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіп өсімін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл мақсат Нұр-Отан партиясының сайлауалды тұғырнамасында да көрініс тапқан. Оған жету үшін екі негізгі міндет қойылды. Біріншіден, Индустрияландыру картасы және ірі инвестициялық жобалар аясында өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа жобаларды іске қосу. Екіншіден, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасында көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңа шараларын іске асыру», - деді Б. Атамқұлов.

Оның айтуынша, биылғы 10 айдың қорытындысында еліміздің өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталды. Нақты көлем индексі 5,8 % артып, 13,4 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен артық. Іс жүзінде саланың барлық секторында оң динамика байқалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT