+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Биыл жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйде рульге отырған 33 адам ұсталды - ШҚО

2021 жылғы 16 мамыр 21:11
Бөлісіңіз:
Биыл жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйде рульге отырған 33 адам ұсталды - ШҚО

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйде көлік тізгіндеген 33 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы интернет-алаяқтық: қаржы реттеушісі қандай шаралар қабылдады Қызылордада қала ортасынан ірі есірткі алқабы анықталды Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысты

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың 5 айында тәртіп сақшылары көлік құралын басқару құқығынан айырылса да ішімдік ішіп рульге отырған 33 адамды ұстаған. Оның ішінде 24 факті бойынша сот ісі қаралып, үкім шығарылды.

«Мәселен, Риддер қаласында полиция қызметкерлері 7 жылға автокөлік айдау құқығынан айырылғанына қарамастан мас күйде көлік жүргізген 37 жастағы тұрғынды анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне (көлік құралын басқару құқығынан айырылған және мас күйдегі тұлғаның көлік құралын басқаруы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өңір жұртшылығын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және белгіленген жылдамдық режимін асырмауға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT