Биыл ЖОО-лардың жатақханаларынан қанша орын пайдалануға берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин оқу орындарын жатақханамен қамтамасыз етуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, биыл қазан айында сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында ауыл жастарының жоғары білімге қол жеткізу проблемасын айтты.

Онда аграрлық ЖОО-ларда жатақханалар жетіспейтіні, бұл ауылдан келген және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан студенттер үшін тағы да қиыншылықтарды туғызатыны айтылған.

«Жалпы, жастарды қолдау мақсатында жатақханаларда тұру үшін жағдай жасалуда. 2021 жылы нысаналы құрылыс есебінен жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 057 төсек-орын, оның ішінде аграрлық жоғары оқу орындарында 750 орын пайдалануға берілді. ТжКБ ұйымдары студенттерінің 60%-ы жатақханадағы орындармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, оқу орындарының есебінен орта мерзімге және ұзақ мерзімге тұрғын үй-жайларды (тұрғын-үй кешендері, қонақ үйлері, хостелдері) жалға алу тәжірибесі іске асырылуда», - делінген Үкімет басшысының сауалға берген жауабында.

«Бүгінгі күні өңірлердегі ТжКБ ұйымдарының инфрақұрылымы жеткілікті дамығандығын айта кету керек. ТжКБ ұйымдары жоқ аудандарда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған мобильді оқу орталықтарында (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында) 2017 жылдан бастап жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған 1465 адам оқытылып, оның 1261-і (84,4%) жұмысқа орналастырылды», - деп аталып өткен А. Маминнің жауабында.

«Баршаға арналған тегін ТжКБ» жобасы аясында біліктілік алу үшін, оның ішінде ауыл жастары үшін жағдай жасалған (жоба шеңберінде 2017 жылдан бастап 300 мыңнан астам студент, оның ішінде 150 мың ауыл жастары қамтылды).


Соңғы жаңалықтар