Биыл жануарларға қатысты көлік апаты 9 пайызға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Сағат Мадиев елімізде мал ұрлығы көбіне жайылымда жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мал ұрлығының себептерінің бірі – малдың бақташысыз өрісте жүруі. Ағымдағы жылы 70 пайыз жағдайда мал өрістен бақташысыз жүргенде ұрланған», - деді С. Мадиев Ішкі істер министрлігіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, малдарды қараусыз жіберу жол-көлік оқиғаларына себеп болады.

«Тек осы жылдың өзінде жануарларға қатысты жол–көлік оқиғаларының саны 9 пайызға (100-ден 109-ға), оның салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 7 пайызға (29-дан 31-ға), жарақаттанған адамдардың саны 18 пайызға (133-тен 157-ге) өсті», - деді Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар