Биыл вагон мен локомотив өндірісі 50 % өсті - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы қаңтар-қыкүйек аралығында еліміз бойынша вагон мен локомотив өндірісі 50,5% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында тоғыз айдағы экономиканың өсімі туралы баяндама жасаған ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осындай деректер келтірді.

«Тауарлар импорты 25,4 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы, оң сауда балансы өткен айға қарағанда 1,7 млрд АҚШ долларына өсіп, 12,1 млрд АҚШ долларын құрады.

Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Қаңтар-қыркүйекте сала бойынша өндіріс көлемі 5,7% өсті», - деді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бергі тоғыз айда 14 өңір бойынша өңдеу өнеркәсібі оң көрсеткіш байқатқан. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласы мен Қостанай, Алматы облыстарында байқалып отыр.

«Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша фармацевтикалық өнім өндіру 38,1%, машина жасау – 22,8%, оның ішінде автомобиль жасау – 31,6%, вагондар мен локомотивтер өндірісі – 50,5%, сондай-ақ құрылыс материалдары – 10,1%, пластмасса бұйымдары – 31,4%, дайын металл бұйымдары – 17,2%, киім – 14% және жиһаз – 14,9% деңгейінде серпінді өсуді көрсетіп отыр», - деді Әсет Ерғалиев.

Сондай-ақ, ол өткен 9 ай бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9,7% өсіп, жоғары қарқын көрсеткенін атады.

«Көрсеткіштің оң өсімі барлық өңірлер бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Алматы қаласында, сондай-ақ Маңғыстау және Ақмола облыстарында байқалуда», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар