Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Биыл Түркістан облысының Төлеби ауданындағы 21 елді мекеннің 28 көшесінде ұзақтығы 42 шақырым болатын жол жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталмыш құрылыс жұмыстары «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасына жопарланған. Жол құрылысына ауданның бюджеті есебінен 642 млн. 163 мың теңге қаралған.

Сондай-ақ, аудан бойынша 5 ауылдық округтің 14,4 шақырымды құрайтын 14 көшесіне тас төсеуге 34,7 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында Бірінші Мамыр және Абай елді мекендерінде 17 жобаны 345 млн. теңгеге қаржыландыруға ұсынылды. Ал, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 514 млн. теңгеге 9 жоба қаржыландырылмақ.


Соңғы жаңалықтар