+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Биыл теміржол арқылы 68 млн тонна көмір тасымалданды

2020 жылғы 3 сәуір 02:08
Бөлісіңіз:
Биыл  теміржол арқылы 68 млн тонна көмір тасымалданды


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылыту маусымы басталғаннан бері Қазақстан ішінде теміржол көлігімен 68,4 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл туралы ҚазАқпарат ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жылыту маусымына дайындық басталғалы, яғни 2019 жылдың 1 мамырынан және ағымдағы жылдың 31 наурызына дейінгі жағдай бойынша, Қазақстан ішінде теміржол көлігімен 68,4 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл жылыту кезеңіне арналған жоспардың 101% тең.

Бүгінгі таңда қазақстандық операторлардың теңгерімінде 58 мыңнан астам жартылай вагон бар. Ол вагондардың негізгі үлесі келесі меншік иелеріне тиесілі:

«Қазтеміртранс» АҚ - 49,8% (29 297 бірлік)

«Транском» ЖШС - 12,1% (7 114 бірлік).

Қазіргі уақытта жылыту маусымына көмір тасымалдауға барлық меншік иелерінің 30 мыңнан астам жартылай вагоны тартылған, оның ішінде «Қазтеміртранс» АҚ-ның 14 мыңға жуық жартылай вагоны (60%) бар.

Жүк жөнелтушілерді вагондармен, әсіресе әлеуметтік маңызы бар жүктерді (көмірді) тасымалдау үшін уақытылы қамтамасыз ету мәселесі министрліктің тұрақты бақылауында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT